$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Құмар ойындар мен интернетке тәуелділік- қауіпті

AstanaTV
29.07.2022ж. 20:00
3092
Құмар ойындар мен интернетке тәуелділік- қауіпті

Павлодарда  құмар ойындар мен интернет тәуелділіктің алдын алу мақсатында шара өтті. Оған оқушылар мен студенттер қатысты. Шараға "AMANAT" партиясының облыстық филиалы мұрындық болған. Жастарға құмар ойындар мен тәуелділіктің зардаптары мен зияны туралы айтылды.

Санира ЖҮСІПОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАЙЫМЫ:

Бүгінге таңда балалар кибербуллинг құмарлық интернетте қанша уақыт кетіреді. Және денсаулығына зиян ба, қауіп бар деген сұрақтарды қарастырып жатырмыз. Осы жоба бүкіл аймақтарда жүріп жатыр. "Аманат" партиясының "Жастар рухымен". Сонымен қатар жалғасын табатын болады.

Шарада жастар топ топқа бөлініп, құмар ойындар мен интернет тәуелділіктен құтылу жолдарын айтып, өзара пікір алмастырды. Бұл  мақсатта партия арнайы жобаларды қолға алған. Соның бірі- құмар ойындар шырмауына шырмалған жастарға қолдау көрсету. Осы орайда арнайы ғаламтоп деп аталатын телеграм каналды іске қосты.

Даниал ОРЫНБАЕВ, ОҚУШЫ:

Біріншіден" "AMANAT" партиясына алғыс білдірем. Бұндай шаралар жиі өтіп тұрса деген тілегім бар. Өйткені, интернетке тәуелділік бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Бұның зиян екенін  білеміз. Бірақ, білмейтін жас та  көп. Соларға сабақ болады деп ойлаймын.

Ө. Қуанар