$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Тіл құбылысы: ұлттық мазмұны және мемлекеттік мәртебесі»

AstanaTV
08.08.2022ж. 20:00
1198
«Тіл құбылысы: ұлттық мазмұны және мемлекеттік мәртебесі»

Мемлекеттік мекеме қызметкерлері мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс. Қоғам қайраткері, "Аманат" партиясы жанындағы  "Мирас" республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Оразкүл Асанғазықызы   осылай дейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен жиында тіл жанашыры ана тіліміздің  қолдану аясын кеңейту жолдарын талдап көрсетті.  Әрбір адам мемлекеттік тіл саясатын қолдап,  мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге  атсалуысу керек деп атап өтті ол.  Сондай-ақ, қазақ тілді мамандарды көбейту мәселесіне  тоқталды.  

Оразкүл АСАНҒАЗЫ, "MIRAS" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Мемлекеттік тілді қолданысқа енгізуде нақты есеп жоқ, нақты мерзім жоқ. Сұрап отырған ешкім жоқ. Ал енді тілді енгізуге жұмыс істейтін департаменттің айлығын, рөлін, жауапкершілігін төмендетіп, бір бұрышқа тығып тастаған. Ең үлкен мен көрген кемшілік осы.  

К. Мерей