Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Елордада Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір пайдалануға берілді

AstanaTV
08.08.2022ж. 20:00
1764
Елордада Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір пайдалануға берілді

Елордада жаңа көпір қолданысқа берілді. Ұлы дала даңғылындағы өткелдің негізгі жұмыстары аяқталып, көлік-қозғалысы басталды. Енді қаладағы  кептеліс біршама азаяды дейді мамандар.  

Қайрат АМАНЖОЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ұлы дала даңғылында орналасқан көпірдің құрылысы 2018 жылы басталған. Бүгіннен бастап көпірде көлік қозғалысы басталды. Қазір тротуар бөлігі бойынша соңғы жұмыстар істеліп жатыр. Алдағы уақытта көпірді абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.


Көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, Ахмет Байтұрсынұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Жұмекен Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен «Мыңжылдық» аллеясындағы    жүктемені ішінара төмендетуге мүмкіндік береді.  

Қайрат АМАНЖОЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Бұл жаңа көпір «Нұрлы жол» вокзалы, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі арасындағы байланысты арттырады.Ал келер  жылы Тәуелсіздік даңғылы бойымен Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір автолік көпірін пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Көпірдің ұзындығы- 263, ені 51 метр. Әрбір қозғалыс бағытының жүріс бөлігінде ені 3,5 метр болатын үш жолақ пен 4 метрден тұратын бір жолақ бар. Сондай-ақ, жолдың сыртқы жағына 1,5 метрлік қауіпсіздік жолақтары салынған.  

А. Задабек