Алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деп күдікке ілінген екі әскери қызметшіге қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы бас әскери прокуратура мәлімдеді. Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметшісі автокөліктерді нарықтан төмен бағамен сатумен айналысқаны анықталған. Ал Ұлттық ұланның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі смартфондарды төмендетілген бағамен сатып алу сылтауымен азаматтардан 97 млн. теңгеден астам ақшалай қаражат иемденген. Қазір қылмыстық іс материалдармен танысу сатысында және жақын арада әскери сотқа жіберіледі.
Б. Сатуов