$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістандық шенеунік қылмыстың алдын алды

AstanaTV
10.08.2022ж. 20:00
1038
Түркістандық шенеунік қылмыстың алдын алды

Түркістан облысында 13 жастағы қыз зорлықтан  аман қалды. Сарыағаш ауданының жас тұрғынын арам ниетті адамның қолынан сол маңнан өтіп бара жатқан азамат көріп,  араша түскен. Күдікті ұсталды, қазір қамауда. Оның үстінен қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғанындай, жасөспірім кешқұрым   үйге қарай жалғыз өзі қайтып келе жатқанда белгісіз адам тарпа бас салыпты. Шашынан сүйреп,   ұрып, жерге құлатып, қылғындырған көрінеді. Көмек сұрап айқайлаған қыздың даусын сол жерден өтіп бара жатқан азамат естіп қалып, тұра жүгірген.    

Сүйіндік СЕЙТЖАППАРҰЛЫ, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жолда келе жатып, қараңғылау жерде екі адамның арпалысып, қиналып жатқан жағымсыздау дауысын есіттім. Содан жүгіріп барғанымша анау адам күдікті азамат тұрды да қашып кетті. Қыз баладан сұрадым: «мені ұрып жатыр, тұншықтырды, қылқындырды», - деді. Сонымен артынан жүгіріп, қарама қарсы жағынан шығып күдіктіні ұстадым. Ол жерде жалғыз мен болған жоқпын. Әйелім болды, тағы бір әйел кісі болды.

 
13 жасар қыздың өміріне араша болған жан -Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылы әкімінің орынбасары. Полиция күдіктіні ұстап берген азаматқа алғыс білдірді.

А. Төребекқызы