$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда ауруханада жүкті әйел қайтыс болды

AstanaTV
11.08.2022ж. 20:00
1874
Атырауда ауруханада жүкті әйел қайтыс болды

Атырауда қайтыс болған жүкті келіншектің туыстары оның өліміне   ақ халаттыларды  кінәлайды. 31 жастағы Гүлфайруз Сәбенова  өт түйілу белгісімен  облыстық ауруханаға түскен.  Дәрігерлер екі операция жасалатынын: алдымен өттегі тастарды жинап, кейін алып тастайтынын айтқан. Алайда алғашқы операциядан  соң үйіне шығарып жіберіпті. Алайда, жүктіліктің 17ші аптасындағы  келіншек қан құсып,  қайтадан ауруханаға түскен.  

Айжан СӘБЕНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ:


Комаға түсіп кеткенін де екі күннен кейін барып аяқ астынан реанимация врачтарынан естиміз. Сол уақытқа дейін енді сендер қандай диагноз қойып отырсыздар дегенде ештеңе айта алмай келді. Тек күтесіздер.  Жағдайы ауыр тек күтесіздер дегеннен басқа бізге ештеңе айтып келген жоқ. Біздер  алты күн бойы тоздырдық.

Жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан келіншек  түсік тастады,- деп хабарлаған дәрігерлер. Қайғылы отбасы ақ халаттылар бұл жағдайда да еш нәрсе ашып айтпады,- деп ашынады. Тек марқұмның үш күндік қадесін өткізген соң, анықтама алуға барған кезде шақалақтың мүрдеханада жатқанын естіп, есеңгіреп қалған.  

Болған СӘРСЕМӘЛИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
 
Мезгілімен УЗИ-ына түскен, анализын тапсырған. Дамып келе жатқан  бала. Не болса да өздерінен қателік кетіп отыр деп ойлаймын бұлардың.


Қазір бұл жағдайға қатысты тергеу басталған.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Тиісті медициналық сараптамалар тағайындалды. Қорытындысына сәйкес процесуалды  шешім шығарылатын болады. Қазіргі таңда күдіктілерден және куәгерлерден тиісті жауаптар алынуда.

Марқұмның артында екі жарым және бір жастағы екі сәбиі қалды. Келіншектің туыстары қос баланы жетім қалдырған кінәлілер қатаң жазасын алсын деп талап етуде.

Б. Надірқызы