Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Арселор Миттал Теміртау» мердігер кәсіпорындарға қарызын сәуір айында толық төлейді

AstanaTV
13.04.2016ж. 20:00
1435
«Арселор Миттал Теміртау» мердігер кәсіпорындарға қарызын сәуір айында толық төлейді

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы мердігер кәсіпорындарға қарызын сәуір айында толық төлейді. Бұл туралы бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Біз компаниямен қаншама келіссөздер жүргіздік. Оларға бірнеше рет міндет жүктелгенмен, нарықтағы тұрақсыздықтарға байланысты толық орындай алмады. Былтырдан бері қарызы көбейіп кетті. Енді қазір көктем басталып, тапсырыстары көбейді. Қаржылық жағдайы оңалып келеді. Сондықтан мәселе осы сәуір айында шешіледі деп ойлаймын.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына жөндеу, қалпына келтіру қызметтерін көрсетіп жүрген 56 кәсіпорын жұмысшылары ақыларын ала алмай отырған болатын. Соның салдарынан 4 ай жалақы төленбеді. Бүгінде 700 адам бірнеше ай бойы еңбекақысыз жұмыс істеп жатыр. Жалақы дауы әсіресе, соңғы бір жылда көбейіп кеткен. Ал, Теміртау қалалық жұмысшылар кәсіподағының ақпараты бойынша, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының 22 мердігер кәсіпорын алдындағы борышы 800 млн теңгеден асқан. Компания кәсіподақ ұйымына қарыздың жартысын осы сәуір, мамыр айында жабамыз деп уәде берген. Қалыптасқан жайттың анық-қанығын білу үшін біздің телеарна 9 күн бұрын «Арселор Митталға» арнайы сауал жолдаған болатын. Алайда, компания сұрақтарды қарап жатқанын айтып, нақты жауап бермеді. 

Айжан ҚУАШ