Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі жеткізіп отырған қылмыстық топ құрықталды

AstanaTV
13.04.2016ж. 20:00
1415
Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі жеткізіп отырған қылмыстық топ құрықталды

Есірткі бизнесін қыздырғандар ұсталды. 15 адамнан жасақталған топ Қырғызстаннан жеткізілген героинді елдің солтүстік аймағына таратумен айналысқан. Құрықтау кезінде қолға сондай-ақ топтың серкесі де түсті. Ол 36 жастағы "Бірінші қарлығаш" лақап атына ие Қырғызстан азаматы екен. Бұған дейін де есірткі тасымалдағаны үшін сотты болған.

Бұл туралы бүгін ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті басшысы Сұлтан Құсетов жеткізді. Контрабандалық трансұлттық дәліз желісін түзгендер Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарынан жасақталыпты. 2 жыл ішінде олар 558 млн теңге табыс тауып үлгерген. Тағы 3 килограммға жуық герион тінту барысында тәркіленіп отыр. Полиция бұл топты құрықтау үшін 6 ай тұзақ құрған. Қазір олардың сыбайластары да анықталып жатыр. 

Сұлтан Құсетов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті басшысы:

Ош қаласының 36 жастағы тұрғыны наркобаронның күйеу баласы болып шықты. Қылмыстық ортада «Первая ласточка» деген лақап атпен белгілі жігіт. Қырғызстаннан аса ірі көлемде героин жеткізуді ұйымдастырған. Қылмыстық топты жан-жақты тексеруге Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және Қаржы мониторингі комитеті бірлесіп, жедел тергеу тобы құрылды.

Құралай ПИОНЕР