Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

30 мың оқушыға сөмке сыйға тартылады

AstanaTV
16.08.2022ж. 20:00
2152
30 мың оқушыға сөмке сыйға тартылады

Алматыда «AMANAT» партиясының қолдауымен «Балаларды мектепке дайындайық» республикалық акциясы аясында 100 балаға оқу құралына толы сөмкелер сыйға тартылды. Партия мүшелері   екі мың баланы қуантуды жоспарлап отыр. Бүгінге дейін   1250 оқушы өздеріне тиесілі сыйлықтарын алып үлгерген.
 
Гүлчихра БЕКМҰРЗАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін үш балама көмектесті. Алла разы болсын. Екі дүниенің бақытын берсін, жақсылығын берсін. Кішкентай болса да көмек қой бізге. Ештеңе алмай отыр едім. Хотя бы сумка алып беріп жатыр.

Есенгелді ТАЛБИДИНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бір баланы мектепке дайындаудың өзі үлкен қиындықтар туғызады. Соларды біз білеміз. Мына бүлдіршіндеріміз оқуға барып, толық өзінің мүмкіндіктерін пайдалану үшін қолымыздан келгенше көмектесейік деген ойымыз.

Партиялықтар елордалықтарды да қуантты. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 2 мыңнан астам балаға оқу құралдары салынған сөмке табысталды. Акция еліміздің барлық аймағында өтуде. Тамыз айының соңына дейін 30 мың оқушыға мектеп сөмкесі берілмек.

Роза НҰРМАНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Аманат» партиясына үлкен алғыс айтамын. Екінші жыл қатарынан көмек алып жатырмын. Көп рақмет!

Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалалық филиалға көптеген азаматтар өтініштермен келіп, арызданады. Соның ішінде жаңа оқу мерзімге байланысты балаларды мектепке дайындау, балалардың жабдықтары бойынша көмек сұрауда. Сол тізімдерді жасақтап, әкімдікпен бірге зерделеп, қай отбасы осындай көмекке мұқтаж, қайсына көмек көрсету керек сол тізімді жасап, бүгін іс-шараны бастап кеттік.  

Т. Әлжанов