$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл көмір тапшылығы бола ма?

AstanaTV
17.08.2022ж. 20:00
1289
Биыл көмір тапшылығы бола ма?

Биыл елорда халқы 463 мың тонна көмір пайдаланылады. Мамандар қатты отынға сұраныс толық өтелетінін, әрі былтырғыдай дүрбелең қайталанбайды дейді.  Бірақ, кейбір сату нүктелерінде қазірдің өзінде көмір жоқ. Келген отын бірден сатылып кетіп жатқан көрінеді. Ал  бағасы -қымбат. Оның үстіне үйге жеткізу құны қосылады. Сонымен қысқа қамдану үшін қанша теңге қажет? Тілшіміз Мерей Қалиасқар есептеп көрді.

Елордада 8 темір жол тұйығы мен 14 кіреберіс жол бар.  Оларға күніне 25-30 вагон қара отын жеткізілуде. Бірақ ол дем де сатылып кетіп жатыр. Әсіресе, «Шұбаркөл» мен «Қаражыра»   көміріне сұраныс жоғары. Бағасы 12-14 жарым мың теңге көлемінде.

Қанат ЕНЖАНОВ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзімізде Қазақстанда көмір бар бірақ бағасын түсірмейді. Бағана болдық Гортопта 5 вагон болды уже жоқ. Екі сағат и уже көмір жоқ, осында келдік сұрауға.  

Көмірді аласыз. Енді оны үйге жеткізу керек. Отын сататын орындарда көлік дайын тұр. Бірақ,ақысы арзан емес.

Қапсәлем САҒЫНДЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Биыл июльден бастап алып жатыр халық. Былтырдан бері халық қорқып қалды. Көмір поступление онша емес енді. Бізде 2-3 күн болды жоқ. Бүгін келеді деп отырмыз енді. Доставка расстояниеге байланысты қала бойынша 10 мыңнан басталады. Бензин қымбат. Қоянды, Қосшыларға 20-25 мың.

Бас қаланың бірақ бөлігі газдандырылды. Сол себепті қалалық әкімдік биыл  елордалықтарға  463 мың тонна  көмір   жетеді деп болжап отыр.  

Абылайхан ОСПАНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Мамыр айынан бастап 56 мың тонна көмір жеткізілді. Көмір негізінен, Қарағанды және Шығыс облыстарынан жеткізіледі. Өткен жылы бір-екі ай болды тапшылық вагон мәселесі бойынша. Ақмола облысының тұрғындары шет жақта тұратындар көмір алады. Сол үшін біз ертерек көмір алуға шақырамыз. Өйткені күзде ажиотаж болуы мүмкін.

Қыстан қысылмай шығу үшін мамандар   көмірді неғұрлым ертерек алуға кеңес береді. Делдалдарға сеніп, қымбатына ұрынбау үшін 109 телефоны арқылы арнайы сату орындарын анықтап алу қажет.   Ал оның бағасы енді қымбаттамаса, арзандамайды.   

Жандос НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Богатырь-Көмір кенінің жіберілетін бағасы едәуір өсіп жатыр. 2022 жылдың 1 тамызынан бастап 7%-ға,  қыркүйектен бастап тағы да 5%-ға, 1 желтоқсаннан бастап 5%-ға сонымен 2022 жылы көмірдің бағасы 30%-ға өскен болатын.

Темір жол бойынша көмірді жеткізу бағасы да өсіп жатыр. Оның ақысы жыл басынан бері  орта есеппен 5%-ға көтерілген.

Қ. Мерей