Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордадағы «Заречный» тұрғын алабында мектеп жоқ

AstanaTV
17.08.2022ж. 20:00
1304
Елордадағы «Заречный» тұрғын алабында мектеп жоқ

Елордадағы «Заречный» тұрғын алабына мектеп жетіспейді.  Бір ғана 400 орындық білім ошағында  800-ге жуық бала оқып жатыр.  Оның салынғанына 35 жыл болған.  Ал, Алматы қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға арналған көппәтерлі тұрғын үй құрылысы кешіктіріліп жатыр. Депутаттарға  халық тағы қандай түйкілдерін жеткізді? Сюжет көрейік.   

«Заречный» тұрғын алабының тұрғындары «бізге үй емес, бірінші мектеп пен балабақша керек» дейді. Өйткені,   бұл аумақта  қазір тұрғын үйлер салынып жатыр.  Ал ондағы жалғыз білім ошағына бала сыймайтын болғандықтан мектепке дейінгі даярлық сыныптары жабылып қалған.

Данияр, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мектеп жоқ, балабақша жоқ. Салынып жатқан үйлердің санына қарап, оның орнына мектеп пен балабақшалар салыну керек деп ойлаймын. Қанша бала ескі мектепте, тар жерде оқып жатыр.

Елорда тұрғындарының мұны   "АМАНАТ" партиясының өкілдеріне және   депутаттарға жеткізді.  Олар халық пікіріне құлақ асып, жүйелі жұмыс атқарамыз деді.

Елдос АБАҚАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАНАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мектеп былай қарағанда бұл аймаққа жеткіліксіз. Шешу жоларын, әрине біз осы аймақтарға шыққан негізгі мақсаты – барлық проблемаларды тікелей естіп, оның қандай деңгейде шешу жолын ойластыру ғой. Сол себепті әр мәселе бойынша біз, былай қарағанда, өзімізге түртып алып, ертең қыркүйек айында жұмысқа шыққанда осф әр сұрақ бойынша жеке-жеке жұмыс жасайтын боламыз.

Ал, Алматы облысы Есік қаласында 60 отбасыға арналған көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Жоба «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүзеге асырудағы жол картасы аясында іске асырылған.  Алайда, құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты   жұмыстар мерзімінен кешіккен көрінеді.

Жанарбек ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

3 жыл оларға гарантия бар. Қандай жағдай болсын, келіп сол компания бүкіл жағдайды, белгілі бір тұрғынның тарапынан талап-өтініш түсетін болса, тікелей қарап, соны жасап береміз деген уәделерін беріп отыр.

Көпбалалы және  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына арналған 5 қабатты тұрғын үй қыркүйек айында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

А. Задабек