Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордадағы шыны зауыты күзде алғашқы өнімін береді

AstanaTV
17.08.2022ж. 20:00
1792
Қызылордадағы шыны зауыты күзде алғашқы өнімін береді

Қызылордадағы шыны зауыты қазан айынан бастап алғашқы өнімін сатылымға шығармақ. Жауапты компания өкілдері осылай уәде беріп отыр. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өндіріс орнына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.

Аймақ басшысы  шыны зауытында болды. Жауапты мекеме өкілдері күзде алғашқы өнімді нарыққа шығарамыз дейді.   Өндіріс орны іске қосылса, тәулігіне 600 тонна шыны дайындалады.

Облыс әкімі сиырқұйымшақтанып кеткен құрылыс жұмыстарын аяқтайтын уақыттың жеткенін айтты. Қалай болғанда да, зауыт пайдалануға берілуі керек.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Уәде көп, ал нақты нәтиже болып жатқан жоқ. Бұның барлығын халық күтіп жатыр, ел күтіп жатыр. Қалай да аяқтауымыз керек. Сіздер уәделеріңізде тұруларыңыз керек.

Нұрлыбек Нәлібаев мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын да пысықтады. Бұл білім ошағының салынғанына 40 жылға жуықтаған. Осы уақыт аралығында күрделі жөндеу көрмеген. Биыл қомақты қаржы бөлініп, шатыры мен терезелерінен бастап, еденіне дейін жаңаланбақ.  

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Облыс бойынша 6 мектеп қой күрделі жөндеуден өтіп жатқан. 2 млрд 100 қаралып тұр. Ол аз қаражат емес. Өте жақсы қаражат. Бірақ соған сапалы жұмыс жасалуы керек.  Ең бірінші кезекте сапаға үлкен мән беру керек. Жұмыстар уақытылы аяқталуы керек.

Бөлінген қаражаттың әр тиынына дейін мақсатты жұмсалуы керек. Ол қатаң бақылауда болады.

М. Тоқтасынқызы