Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Жатақхана - санитарлық нормаларға сай емес",- Н.Жетпісбаев

AstanaTV
17.08.2022ж. 20:00
944
"Жатақхана - санитарлық нормаларға сай емес",- Н.Жетпісбаев

Елордадағы студенттік жатақхананың жағдайы мәз емес. Бұл туралы партия жанындағы "Жастар рухы" төрағасы Нұржан Жетпісбаев тексеру барысында айтты. "Жөндеу жұмыстары әлі де болып жатыр, санитарлық нормаға сәйкес келмейді" дейді Төраға. Сондай-ақ, туған-туысқандарына жатақхана орындарының заңсыз берілуін де атап өтті. "Жастар рухы" арнайы желі қосып, жемқорлықтың алдын аламыз дейді. Айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 мың студентке жатақханадағы орын жетіспейді.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Шыны керек кейбір жерлерінде жұмысты әлі де қарқындату керек. Себебі санитарлық нормаларға сәйкес емес деп толыққанды айтуға болады. Жалпы белгіленген арнайы Үкіметтік ережелерге сәйкес, мысалыға арнайы квадратураға сәйкес келмейтін азаматтар тұратын. Сондықтанда өкінішке орай ремонт жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Бірақ біз әлі күнге дейін бір-екі күн ішінде студенттер келіп жатақханаға орналасуға арыздарын беретін болады. Сондықтан жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

Ә. Дүкембаева