Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"AMANAT" партиясы көмек көрсетті

AstanaTV
17.08.2022ж. 20:00
1016
"AMANAT" партиясы көмек көрсетті

"AMANAT" партиясының мүшелері балаларды жаңа оқу жылына дайындауды жалғастырып жатыр. Олар мектеп формасы мен барлық қажетті заттарды сыйға тартуда. Жайлаубаевтар отбасы "AMANAT" партиясынан бірінші рет көмек алып отырған жоқ. Ерлі-зайыптылардың бес баласы бар. Оның үшеуі-мектеп оқушысы.  

Әсем ЖАЙЛАУБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:


Ең бастысы осы "AMANAT" партиясы арқылы баспанаға қол жеткіздік. Алдында 15 жыл баспанасыз болдық. "AMANAT" партиясының арқасында формамызды, сумкамызды, мектепке даярлық заттарды міне әкеп берді. Рақмет.

Мариевский отбасына да партияның  көмегі ауадай қажет.   Жақында олардың үйінде өрт шығып, төбесі жанып кеткен.  Енді үйді толықтай жөндеу керек.    

Мәди ОСПАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз бір отбасының өрттен зардап шеккенін, шатыры толығымен жанып кеткенін естідік. Бұл отбасына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Біз оған толық қолдау көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін шештік. Ал балаларды мектепке даярлау акциясы дәстүрлі түрде "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында өткізілуде. Биыл   жаңа оқу жылына 30 мыңнан астам балаға жиынтықтар беріледі деп жоспарланған.

Қ. Мерей