Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр

AstanaTV
17.08.2022ж. 20:00
1228
Атырауда халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр

Атырауда «Atyrau Chess Festival 2022» атты алғашқы халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр. Фестивалді шахматтан әлем чемпионы Динара Сәдуақасова негізін қалаған Шахмат академиясы ұйымдастырды. Шаршы тақтада бақ сынауға  300-ге тарта үміткер ниет еткен. Еліміздің спортшыларымен бірге АҚШ, Нидерланды, Литва, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей ойыншылары бар. Фестивальға  кәсіби спортшылар ғана емес, ФИДЕ рейтингтерінің иегерлері, жас спортшылар, шахмат спортының жанкүйерлері  де қатысып жатыр. Бақ сынауға келген ең жас қатысушы– 4-те болса, ең үлкені -75 жаста. Жүлде қоры   қомақты- 13 млн теңге. Фестиваль аясында  шеберлік сабағын  өткізу де жоспарланған.   Шахмат мерекесі 24-тамызда мәреге жетеді.

Павел ПАНКРАТОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРОССМЕЙСТЕР:

Мұнда ерекше мерекелік көңіл-күй.   Фестиваль  әлемдік өлшеммен  қарағанда өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.  Негізі мен фестивальге келе жатқанда бірінші орын үшін күресемін деп ойладым. Бірақ, өкінішке орай,  алғашқы турда тең түстік, екінші турда өте мықты ойыншымен кездестім.  Енді тым болмағанда коэффицентім жақсы болады деп ойлаймын.  Өте мықты турнир. Ең болмағанда үштіктен көрінемін деген үмітім бар.

Динара СӘДУАҚАСОВА, ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ, ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:
 
Біздің фестивальдің басты мақсаты елімізде және жалпы  батыс облыстарда  шахматты дамыту. "Atyrau Open", "Atyrau Juniors" және "Atyrau Blitz" үш турнирінде 9 елден 300 адам қатысып отыр. Бұл фестиваль осы спорттың дамуына үлкен серпін береді деп ойлаймын.

Б. Надірқызы