Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордада ашық аспан астында «Партия келбеті» фотокөрмесі өтті

AstanaTV
17.08.2022ж. 20:00
1491
Елордада  ашық аспан астында «Партия келбеті» фотокөрмесі өтті

Елордада Конституция күніне орай ашық аспан астында «Партия келбеті» фотокөрмесі өтті. Шараны «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырған. Фотокөрмеге құрылысшылар, дәрігерлер мен мұғалімдер және барлық сала өкілдерінің күнделікті өмірден алынған қызықты суреттері қойылды. Аталмыш іс-шараға партияның ардагерлері, қоғам белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдер, "Жастар Рухы" Жастар қанатының еріктілері және әр саланың белсенді партия мүшелері қатысты. Көрмеге қойылған фотосуреттерді елорда тұрғындары 30 тамызға дейін тамашалай алады.

Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл көрмеде біздің партиямыздың күнделікті жұмысымызды көрсеткіміз келді. Ол өткізіп жатқан кездесулеріміз, саяси сондай мәдени шараларымыздың сондай тарихи сәттері. Өйткені біз партия қатарында біздің қалалық филиалында 36 мыңнан астам партия мүшелері бар.300-ден артық бастауыш партия ұйымдары бар.

Б. Сатуов