Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырауда шекара қызметінің сарбазы қайтыс болды

AstanaTV
19.08.2022ж. 20:00
1976
Атырауда шекара қызметінің сарбазы қайтыс болды

Тағы да сарбаз өлімі. Атырауда шекара қызметінің сарбазы қайтыс болды. 19 жастағы Нұрлан Ерғалиев бір айдан соң әскери борышын аяқтап, үйіне қайту керек еді. Алайда Ақтау қаласына өз аяғымен аттанған жігіт кеше отбасына табытпен оралды. Атырау облысындағы Исатай ауданына қарасты шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз әріптестерімен бірге әдеттегідей Каспий теңізінің жағалауын бақылауға шыққан. Батыс аймақтық әскери прокурорларының мәліметінше, марқұмның жанында 3 офицер мен тағы екі әскери қызметкер болған. Жолда көліктері батпаққа батып, жүруге жарамай қалыпты. Көмек келгенше біраз уақыт жоғалтқан. Ал сарбаздың неден өлгені тексерілу үстінде. Бұрын денсаулығына шағымы болған-болмағаны да анықталады. Қазір «Қызметке салғырт қарау» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасымен жедел-тергеу тобы құрылып, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ал жас жігіттің неден ажал құшқанын анықтайтын сот медициналық сараптама қорытындысы бір айдан кейін ғана дайын болады.

Азамат ЖАНАХМЕТОВ, БАТЫС АЙМАҒЫ ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күнделікті нарядына шыққан. Сол кезде орын алған оқиға. Қазір толығын, қандай оқиға болғанын тексеріп жатырмыз. Оның ішінде оның командирі, лауазымды тұлғаға қатысты. Қазір олардың қолданылған шараларының толықтығын бәрін тексеріп, заңды баға беріледі

Б. Нәдірқызы