Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде екі баланы қабаған ит талады

AstanaTV
19.08.2022ж. 20:00
2188
Ақтөбеде екі баланы қабаған ит талады

Ақтөбеде қабаған ит екі баланы қауып алды. 15 жастағы жасөспірімнің ит жеті жерінен тістеген. Екінші он жастағы баланың аяғын жаралапты. Тұрғындар дереу жедел жәрдем шақыртып, балалар ауруханаға жеткізілген.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Оқиға кешкі сағат сегіздің шамасында болған. Далада ойнап жүрген балаларға қабаған ит шабуылдапты. Тіпті екеуін тістеп үлгерген. Подъезге қашқанда мына ит мына бетонды опырып үлгерген.

Куәгерлердің айтуынша, ит -Бультерьер тұқымды. Көшеде ауыздықсыз, жүгенсіз жүрген. Абырой болғанда, балаларды көршісі құтқарып қалған.

Ерлан ӘМІРҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ана ит уже көзі қызарып кеткен безполезно. Көнбейді. +Ана жерде әйелді қуып бара жатыр. Жүгірдім. Ит кері өзім шауып келе жатыр. Көзі қызарып кеткен. 2 метрдей қалды. Секірейін деп жатқанда төсінен аттым.

Ерлан Әмірғалиев итті атуға мәжбүр болғанын айтады. Болмағанда, балаларды құтқарып қалу мүмкін емес еді дейді. Бірақ, оған итті атқаны үшін айыппұл салынған. Ал тұрғындар көшедегі иесіз иттерді құрту керек деп отыр.

Салтанат ӘМІРҒАЛИЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балдарымыз далаға шыға алмай отыр. Үш күн болды міне шыққан жоқ далаға. Бұндай иттерді олай жібермеу керек. Мойнында жіп те жоқ. Пародасы мықты. Өздерің көрдіңіздер асфальтты кусокпен жұлып алған ит, адамның парша-паршасын шығарады ғой.

Екі ағайынды баланың үлкенінің иығы, қолы, аяғы жарақаттанған. Ал інісінің ит аяғынан тістеген.

Қуантай МАХАМБЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл жағдайда жарақат болғанымен амбулаториялық емге келген соң олар бас тартқан жатудан. Емін толық алды. Құтыруға қарсы дәрі-дәрмек дайын бізде әр уақытта екі сағаттай болып бүкіл дәрі-дәрмегін алып, аллергияға барлығына тексеріліп үйге жіберілді.

Құқық қорғаушылар қараусыз жүрген қабаған иттің иесін тапқан. Жауапсыздығы үшін оған әзірге 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, Ақтөбеде бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін қаңғыбас иттер 12 жастағы баланы талап өлтірген болатын. Тек тамыз айында ауруханаға ит тістеген 30 бала келген.

Б. Рахметова