Бүгін Елордада ел экономикасы үшін маңызды өндіріс орны ашылды. Тоттануға қарсы және оттан қорғайтын жабындарға арналған лак-бояу өндіретін зауыт салтанатты түрде пайдалануға берілді. Сондай-ақ, жабын және қаптау материалдарын өндіретін зауыттың құрылысы басталды.
Елордада тоттануға қарсы және оттан қорғайтын жабындарға арналған лак-бояу өндіретін жаңа зауыт бүгін ресми түрде ашылды. Өндіріс күші- жылына 5 мың тонна. 100 адам жұмыспен қамтылды.
Михаил ВАХРУШЕВ, "ВМП" ЖШС ТӨРАҒАСЫ:
Зауыт озық шетелдік өндіріс орындарымен бәсекеге қабілетті. Өнім барлық өнеркәсіп саласында сұранысқа ие. Ол кеме жасаудан бастап, мұнай-газ, энергетика, өнеркәсіптік нысандардың барлығында тоттанудан, оттан көп жылдар бойы қорғауға көмектеседі.
Сонымен қатар, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жабын және қаптау материалдарын өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Өндіріс орны алыс-жақын шетелден келетін шатырлы және қасбеттік материалдардың 20%-дан астамын өзімізде өндіруге мүмкіндік береді.
Ерлан БЕКМҰРЗАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мемлекеттік қолдау арнайы көмек салық жеңілдіктері, оған қоса жер телімін беру, барлық осы процестерді біз әкімдік тарапынан тездетеміз. Яғни инвесторларға толық қолдау көрсететін боламыз.
Отандық өнімнің алғашқы шығарылымы келер жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Шараға қатысушылар зауыттың құрылысы орнында арнайы капсулаға тілектерін жазып, салтанатты түрде өндіріс орнының іргетасын қалады.
А. Базарбай