Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жол апатына түскендер сүндет тойға бара жатқан

AstanaTV
22.08.2022ж. 20:00
1133
Жол апатына түскендер сүндет тойға бара жатқан

Ақтөбе облысында сүндет тойға бара жатқан көлік жол апатына түсті. Темір ауданына қарасты "Покровка –Жаңажол" тасжолында «Lada Largus» автокөлігі аударылып, бес адам қаза тапты. Тағы бесеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Жеті орындық көлікке алты ересек адам, төрт бала мінген. Олар Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылын бетке алған. Кеңкияққа 20 шақырым қалғанда көлік аударылған. Жол апаты салдарынан көлік құралын басқарған 40 жастағы әйел және төрт жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Арасында жасқа толмаған нәресте бар.

Айдос ҚҰЛЖАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Lada Largus » автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай аударылған. Нәтижесінде бес адам қаза болып, бес адам дене жарақаттарымен ауруханаға қаралған. Ішінде төрт бала болған. Соның бір бала қайтыс болып отыр. Үш бала дене жарақаттарымен ауруханаға қаралып отыр.

Жарақаттанғандар қазір Кеңқияқ аудандық ауруханасында ем алуда. Дәрігерлер өмірлеріне қауіп жоқ екенін айтты. Төрт және алты жастағы балалар жабық бас жарақатын алған, ми шайқалған деді. Оларды санавиациямен облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырмақшы.

Сержан ЖАНАХМЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

«Балдардың жағдайлары жаман емес. Кеңкияқ аудандық ауруханасында жатыр. Стабильный қазір. Екі балаға біздер санавиациямен сөйлесіп жатырмыз. 2016, 2018 жылғы балдарға қалған 81,86,85 жылғы науқастар олардың состояниесі стабильно».

Б. Рақметова