Ақмола облысында жеке кәсіпкер өз ауылына 3 млрд теңге инвестиция салған. Осының нәтижесінде ауыл көркейіп, елді-мекенге қоныс аударғандар көбейген. Жергілікті халыққа арнап спорт кешенін тұрғызылып берген. Ал сырттан келген мамандар үшін арнайы баспана да қарастырылған.
Шуйское ауылы облыс орталығынан шалғай орналасқан елді-мекендердің бірі. Алайда ірі сүт-тауарлы фермасымен көпшілікке етене таныс ауыл. «Шуйское-XXI» серіктестігі жергілікті халық үшін заманауи фитнес-сауықтыру кешенін салуға мұрындық болды. Небәрі 800-ден астам тұрғыны бар шағын ауыл үшін бұл үлкен мүмкіндік дейді,-спорт кешененің меңгерушісі.
Әйгерім ШАНБАЕВА - Б.ҚҰРМАНҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Спорт кешені былтыр ғана ел игілігіне берілді. Мұнда спорттың төрт түрі бойынша арнайы үйріме ашылған. Ол: футбол, волейбол, бокс және күрес. Әрбір үйрімеде арнайы жаттықтырушылар жұмыс істейді. Сондай-ақ жаттығу залы да ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін ашылған.
Жеке кәсіпкер мұнымен де шектелмей, ауылға келуші мамандар үшін де арнайы баспаналар салуды да қолға алған. Осы арқылы ол елді-мекендегі маман тапшылығын шешуді жоспарлап отыр екен.
Мұрат СӘДУАҚАСОВ, «ШУЙСКОЕ-ХХІ» ЖШС БАС АГРАНОМЫ:
Ауылымызда кадр мәселесі болғаннан соң. Біздің бастығымыз ауылда жаңа үйлер саламыз дейді жұмысшыларымызға, мамандарымызға. Сондықтан сондай былтыр осында 10 квартира үй салдық. Осы үйлерде қазір біздің мамандар тұрады.
Бүгінде бұл ауылға қызығушылық танытушылардың да қатары артқан. Мәселен соңғы үш жылда ауылға 40-тан астам адам көшіп келіпті.
Асхат АХМЕДЬЯНОВ, МАКЕЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Мысалға осы жылы жарты жылдың ішінде 11 адам көшіп келді. Әрбір адамға үй беріледі. Балалары мектепке орналастырылады. 140 баланың барлығы тегін тамақтандырылады.
«Шуйское-XXI» серіктестігі ауыл тұрғындарына жағдай жасаумен қатар, жұмыспен де қамтамасыз етуді өзіне мақсат еткен. Бүгіннің өзінде жеке кәсіпкер 110 адамға тұрақты жұмыс беріп отыр.
Б. Сатуов