$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде жұмыссыз жүрген ерлер көбейді

AstanaTV
25.08.2022ж. 20:00
2847
Елімізде жұмыссыз жүрген ерлер көбейді

Әйел – түздің, еркек – үйдің шаруасымен айналысып кетті. Қоғам белсендісі бүгінгі ел ішіндегі жағдайға алаңдаулы. Жұмыссыз жүрген ерлер көбейген. Шаруаның шетін таппай жүрген жігіттердің саны өткен жылмен салыстырғанда бірнеше процентке өскен. Бір басында жүз түрлі жауапкершілік тұрса да, қолына күрек алмайтындар неге көбейіп кетті? Келесі бейнематериалдан көріңіз.

Есімін жасыруды өтінген бұл келіншек 2 баланың анасы. Мектеп мұғалімі «күйеуім жұмыс істемейді» дейді. Жолдасы тапқан ақшасының барлығын құмар ойынға салатын көрінеді. Нәзік жанды бала тәрбиесімен қатар, отбасын бір өзі асырауға мәжбүр.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жұмыс істемей жатқанына біраз уақыт болды. Оған қоса, өзім тауып жатқан ақшамды да алып қоя береді. Ата-енемдікін де алып қояды. Шыны керек уже әйел адамның да, ер адамның да бірге жұмысын қатар алып шаршадым.

Қоғам белсендісі Самал Жарова да еркек пен әйелдің орны ауысып кеткенін айтты. Сөзінше, қазір әйел – түздің, еркек – үйдің шаруасымен айналысады. Тіпті, бұл – қалыпты дүниеге айналып кетті дейді.

Самал ЖАРОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Әйел еркектің орнын басып, екі адамның да рөлін атқарса, күйзеліске ұшаруы мүмкін. Әйел нәзік қалпын сақтау керек. Рас, Ұлы Отан соғысынан кейін, тәуелсіздік алған жылдары нарық біраз қыспаққа алды. Сол кезде әйелдер ала дорбасын асынып, жаппай жұмыс істеуге көшті. Бірақ, бұл нәрсе үрдіске айналмау керек. Қазір жағдай мүлдем басқаша. Жұмыс жоқ деп айту жалқаулардың сылтауы.

Дегенмен көпке бірдей топырақ шашуға болмас. Мәлік есімді мына азаматтың тұрақты жұмысы жоқ. Десе де, отбасын асырау үшін ауыр жұмысқа жалданып жүр. Таңмен таласа осы жерге асығады. Әртүрлі жұмыс ұсынатын адамдардың жолын күзетеді.

Мәлік МЕДЕТ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жұмыс бірде бар, бірде жоқ шыны керек. Бір күн шығады, бір күн шықпайды жұмыс. Жұмыс болғанда, сол разнорабочий, қолдан келгенше әртүрлі жұмыстар ұсынады.

 «Жігіттер жалқауланып кетті ме?» деген сұрақты тұрғындарға да қойып көрдік. Пікір саналуан.

БЛИЦ:

- Әйелдер көп істейді ғой, чем еркектерге қарағанда. Еркектер оңайды ойлайды да уже.

- Ер азаматтар ер азаматтығын істеп, өзі орнында жұмыс істеу керек. Семьясының жағдайын ойлау керек.

- Жұмыс істейді ғой. Ерлер де жұмыс істейді. Әйелдерде жұмыс істейді.

Елімізде 452 мыңнан аса адам жұмыссыз жүр. Олардың қатарында отбасылы азаматтар бар.

А. Задабек