Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда үлескерлер 14 жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр

AstanaTV
25.08.2022ж. 20:00
1345
Алматыда үлескерлер 14 жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр

Алматыда үлескерлер 14 жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр. «Тау-Көктем» тұрғын үй кешеніне ақша салғандар, мәселенің ұзаққа созылып кеткеніне алаңдаулы. Айтуларынша құрылысты бастағандар үлескерлердің ақшасын жымқырған. Тіпті пәтерлерді бір емес бірнеше адамға саудалапты.

Алматылық Шолпан Сәрсенбаева бұл кешеннен екі пәтер сатып алған. 56 миллион теңгені төлеп қойғанын айтты. Бірақ уақыт өте келе құрылысқа жауаптылардың шикіліктері шыға бастаған.

Шолпан СӘРСЕНБАЕВА, ҮЛЕСКЕР:

Бізде үлескерлердің бірнеше түрі бар. Біреуі заңды түрде қаражат беріп, барлық тиісті құжаттарға ие болса, енді біреуі мүлдем ақша төлемеген, біра иесі болып отыр. Себебі, бұрынғы құрылыс салушы пәтерлерді қосарлап сатып, заңға қайшы әрекет еткен. Мен бұл үйлерді алу үшін көп уақыт еңбектендім, өзіме тиесілі баспанаға қол жеткізу арманыма айналды.

Баспанасына қол жеткізе алмай жүргендердің қатарында Меруерт Бердалиева да бар. Ол 2008 жылы пәтер аламын деп 50 миллион теңге құйған. Енді не пәтер, не қаражатын ала алар емес.

Меруерт БЕРДАЛИЕВА, ҮЛЕСКЕР:

Қанша уже обращаться еттік басқа жерлерге де. Жылда бізге айтады келесі жылы көктемде, келесі жылы күзде аласыңдар деп.

Жеңіл жолмен пәтерлі болғандардың нақты саны әзір белгісіз. Мұнымен полиция мамандары айналысуда.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

ҚК-тің 190 бабы, 3 тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іс. Қылмыстық істі тергеу аясында тиісті құзырлы органдарға сауалхаттар жіберілді және басқа да жедел тергеу іс-әрекеттері жүргізілу үстінде.

10 жылдан бері тоқтап тұрған құрылыс жұмыстарын 2018 жылы жаңа мердігер жалғастыра бастаған. Олар биыл желтоқсанда тұрғын үй қолданысқа береміз деді. Ал, кімнің пәтерлі болатыны тергеу нәтижелеріне сай жүзеге асады ,- дейді құрылысқа жауапты компания басшысы.

Юрий КУВШИННИКОВ, ҚҰРЫЛЫС МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұрынғы құрылыс салушымен ешқандай құқықтық қатынастарымыз жоқ. Үлескерлер мәселесінің шешімі тек тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша белгілі болады.

Дегенмен баспанасын 14 жылдан бері ала алмай жүргендер істің тым ұзап кеткеніне наразы.

Арлен БАЙТӨЛЕШ, “ТАУ-КӨКТЕМ” ТҰРҒЫН ҮЙ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сотқа дейінге тергеу амалдарын тездетуді сұраймын. Жалған үлескерлердің заңсыз әрекеттері шын мәнінде қаражаттарын салған үлескерлерге зиянын тигізбеу керек.

Заңды үлескерлер де сиырқұйымшалталған мәселенің тезірек шешілгенін күтіп жүр.

М. Жақан