Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Президент жолдауын сарапшылар талқылады

AstanaTV
02.09.2022ж. 20:00
1412
Президент жолдауын сарапшылар талқылады

Жолдаудың ең басты бағыты - адамға, азаматқа қамқорлық көрсету, халықтың әл-ауқатын өсіру. Кез келген мемлекет әйел адамға, балаға, өз азаматтарына деген қамқорлығымен бағаланады. Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының өкілі Алуа Жолдыбалина Орталық коммуникациялар қызметі алаңында осыны айтты. Ол ендігі міндет - маңызды стратегиялық құжаттағы тапсырмаларды жұмыла орындау деді.

Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жолдауда бар инициативаны жүзеге асыратын - мемлекеттік қызметшілер, яғни олар өте тиімді жұмыс істеу керек. Біз сарапшы ретінде талдау жасап, оның дұрыс, дұрыс еместігі, қай бағытта бара жатыр  деген сияқты сараптама жасауымыз керек. Саяси партиялар, басқа да институттар өздерінің балама пікірін беруі керек.  

Адам құқықтары бойынша сарапшы Марат Бәшімов жолдаудың бастан-аяқ әділет принципіне құрылғанына мән берген. Байлыққа салынатын салық, сот төрағасын сайлау, рақымшылық -  бұның бәрі әділетті шешім, дейді.

Марат БӘШІМОВ, ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САРАПТАМАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Рақымшылықтың өзі қандай а? Президент айтты: рақымшылық жасайық. Ешқандай жауапкершілікке тартпаймыз. Бірақ,   терроризммен айналысқан ұйымдастырушылар оларды жауапкершілікке тартамыз. Ол да адам құқықтарын қорғайтын нәрсе.

Г. Сейтенова