Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президент жолдауы ел тарихындағы жаңа саяси белес, - Е.Қарин

AstanaTV
02.09.2022ж. 20:00
1566
Президент жолдауы ел тарихындағы жаңа саяси белес, - Е.Қарин

Президенттің бүкіл электоралдық кестені жария ету туралы шешімі – Қазақстанның саяси тәжірибесіндегі теңдесі жоқ қадам. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында Жолдау туралы пікірімен бөлісті. Сайлау циклін тұтастай іске қосу жүйені түбегейлі өзгерту талабынан туындап отыр. Маусымдағы референдум кезінде азаматтардың басым бөлігі осы бағытты қолдап дауыс берген болатын,- деді. Мерзімінен бұрын сайлау өткізудің дұрыстығын әлем экономикасында геостратегиялық шиеленіс пен турбуленттіліктің артып келе жатқанымен байланыстыруға болады деп қосты.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Президенттің кезекті жолдауы ел тарихындағы жаңа саяси белес. Президенттің бүкіл сайлау кестесін жария ету туралы шешімі Қазақстанның саяси тәжірибесі үшін бұрын-соңды болмаған қадам. Алдымен Президент сайлауын, одан кейін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауын өткізу елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті әрі стратегиялық міндеттерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

Ал Президенттің өкілеттігін 7 жыл бір мерзіммен шектеу туралы ұсынысы Парламентте мақұлданса, Қазақстанның саяси жүйесінің болашағын айқындайтын шешім болмақ. Бұл бастама суперпрезиденттік модельден түпкілікті шығу үшін жасалған қадамдардың жалғасы.

Қ. Мерей