Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Әлемдегі табиғи апат салдары

AstanaTV
06.09.2022ж. 20:00
2427
Әлемдегі табиғи апат салдары

Жер-жерде табиғи апат күшейіп тұр. Қытайдағы жер сілкінісі салдарынан 46 адам көз жұмды. Қазір елде құтқарушылар жедел құтқару жұмыстарын жүргізуде. Оған 7 миллион доллардан астам қаражат бөлінді. Жергілікті провинцияда төтенше жағдайлардың төртінші Ұлттық деңгейі бар. Айта кету керек, осы уақытта "Хиннамнор" тайфуны Оңтүстік Корея мен Жапонияны жайпап өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Құтқарушылар алыс аудандардағы тау жолдарында дамылсыз қызмет етуде. Жергілікті ақпарат көздеріне сенсек, техника іс жүзінде пайдасыз. Тұрғындар ұзын тіректерді пайдалануда. Айтуларынша,  жаралыларды тасымалдауды жеңілдетеді. Куәгерлердің айтуынша, жер сілкінгенде балабақшаларда демалыс сағаты болатын. Тәрбиешілердің үреймен бөлмелерден балаларды көтеріп алып шығып жатқанын бейнежазбаға түсіп қалған. ­Дейтұрғанмен 46 адам зілзала құрбаны болды.

Хуан ТЯНЮН СЫЧУАНЬ, ҚАРУЛЫ ПОЛИЦИЯ КОРПУСЫНДАҒЫ ОТРЯДТЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз жаралыларды құтқару үшін әр минут пен секундты пайдаланамыз, уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етіп, оларға медициналық көмек көрсетуіміз керек. Сондай-ақ, адамдарды қоныстандырып, аурулардың таралуына жол бермеу керек.
 
Көрші Үндістан ел қызыл судан зардап шегіп отыр. Жаңбыр Бангалор қаласын үлкен өзенге айналдырған. Толассыз 4 күн жауған жаңбыр, жылдық нормаға жеткен. Ғимараттар мен үйлердің бірінші қабаттарын су басқан. Тіпті, тұрғындар жұмысқа жету үшін екі-үш сағаттап уақыт жоғалтуда.

БАНГАЛОР ТҰРҒЫНЫ:
 
Алты шақырым жүру үшін екі-үш сағат кетеді. Кеңсеге үш сағат бару, содан кейін қайту мүмкін емес. Кешке сіз үйге аман-есен жетебіз бе оны да білмейсіз. Жағдай жақсы емес.
 
БАНГАЛОР ТҰРҒЫНЫ:

Бізде су да, электр де жоқ. Ғимараттың ішіндегі су тізеден келеді. Біз өрт сөндіру бригадасынан көмек сұрадық, өкінішке орай, бізге ешкім келген жоқ.

"Хиннамнор" тайфуны Оңтүстік-Азия елдерінде жайпап өтті. Бірінші соққыны Жапония қабылдады. Ондағы 4,3 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Ал Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбырмен қатар  қатты жел тұрды бар. Әуе рейстері мен паромдар қозғалыстарын тоқтатты. Кейбір зауыттардың жұмысы тоқтатылып, мектептер жабылды.

Ә. Дүкембаева