Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Азаматтық некеде болған әйелін өлтірген ері қатыгездікке не үшін баруы мүмкін?

AstanaTV
06.09.2022ж. 20:00
1795
Азаматтық некеде болған әйелін өлтірген ері қатыгездікке не үшін баруы мүмкін?

Шымкентте автокөлік ішінде аяусыз өлтірілген келіншектің туыстары үреймен күн кешіп отыр. Небәрі үш ай ғана күйеу бала болған адам қамауға алынғанымен жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Кісі қолынан қаза тапқан марқұмның анасының айтуынша, 50 жастағы азамат қызымен айрылысып кеткеніне қарамастан аңдып жүріп өлтірген. Қаралы отбасымен кездескен тілшіміздің репортажы.

39 жастағы Раушан Фирманова 31-тамыз күні азаматтық неке болған бұрыңғы күйеуінің қолынан қаза тапты. Марқұмның анасы бір ай бұрын айрылысып кеткеніне қарамастан, аңдып жүріп өлтірген деп отыр. Қызым жарының бір сұмдығын біліп қойған болуы мүмкін деп топшылайды. Өйткені үш ай отасқан кезде әбден үрейленіп қалған келіншек бауырларымен емен-жарқын араласа алмапты. Тек шілде айында төркініне келгенде туыстарына «мені құтқарыңыздар!» деп сыбырлап үлгерген. Келесі күні анасы алып кеткен. Бірақ хабарсыз кеткен күйеуі оны көшеде көлігіне мінгізіп алған деді.
 
Нафиза ҚЫСТАУБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ Р.ФИРМАНОВАНЫҢ АНАСЫ:

Қастандықпен істеп отыр. Қастандықпен алып кетті оны. Осы жерден қалай алып кетті, қалай машинаға мінгізді оны, қай жерден мінгізді? Автобустан түсіріп алып мінгізді ма, жоқ осы жерден мінгізді ма оның бәрі белгісіз. Ал ол жерде ол әдемі жеңіл жауап берген : «өзі маған звондады. Мені шақырып алды, сөйтіп маған мінді. Екеуміз ерегісіп қалдық, сонымен ашумен тығып алдым» деп.
 
Күдіктінің қылмысын полицияға жанында болған інісі хабарлапты. Марқұмның ет жақындары бұл қылмысқа оның да қатысы бар ма деп күмәнданады. Қара жамылған отбасы бұл жерде қызғаныш себеп болды дегенге сенбейді.    
 
Нафиза ҚЫСТАУБАЕВА, МАРҚҰМ РАУШАН ФИРМАНОВАНЫҢ АНАСЫ:
 
Ашумен адам бес рет пышақ ұра ма?! Мына күре тамырды қиып жіберген. Экспертизада 2 минутта жан тапсырған депті. Мына күре тамырдан үш рет ұрған пышақты, жүректен ұрған, балтырдан ұрған. Міне, қорлап өлтірген. Көшеде, машинаның ішінде қорлап... Машинаның іші қанға толы дейді. Машинаның сырты қан дейді.  
 
Бұлай деуге негіз бар. Бұған дейін де пышақ ала жүгіргеніне қыздары куә болғанын айтады. Тұрмысы тәуір, бұрын қызметте болған күйеу тамыр-таныстың арқасында жазадан құтылып кетеді ме деп алаңдайды. Тіпті өзімізге де қастандық қылады ма деп үрейленіп жүргендерін жасырмады. Істі қарап эатқан полиция жазасы дәлелденсе күдікті жазасыз қалмайды деп сендірді.  
 
Батырбек МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ТЕРГЕУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған жәйт бойынша автокөліктің ішіндегі мәйітке сараптама тағайындалып,  қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті, қала тұрғыны 1972 туылған азамат Шымкент қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құтылып кетуі мүмкін емес жазадан. Сол себепті Қазақстан республкиасындағы қазіргі қолданыстағы заңдарға сәйкес ол өз жазасын алады деп сенімді айта аламын.

 
Айта кетейік, 10-қыркүйек күні 40 жасымды тойлаймын деп жүрген келіншектің артында кәмелет жасына толмаған қос қызы қалды.

А. Төребекқызы