Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ақтөбеде арнайы мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан қызметкерлер жазаланды

AstanaTV
06.09.2022ж. 20:00
1461
Ақтөбеде арнайы мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан қызметкерлер жазаланды

Ақтөбеде арнайы мектеп-интернат қызметкерлері жазаланды. Балаларды ұрып-соқты деп айыпталғандарға сот үкім кесті. Қорғансыз жандарға зәбір көрсетті деген қызметкердің бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Балаларды ұрып-соқты деп айыпталған 40 жастағы медбике мен 19 жастағы санитар жігіт жұмыстан аластатылған.

Гүлжанар ОТАРБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Сот Сағитжанов пен Жұмабаеваның өз кінәларын толық мойындағанын, шын жүректен өкінгендерін, алғаш рет қылмыс жасағандарын және жазасын ауырлататын мән-жайлар  анықталмағанын ескеріп, Сағитжановқа 4 жарым жыл, Жұмабаеваға 4 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Еске сала кетсек, мемлекеттік мекемеде келеңсіздік мамыр айында орын алды. Бас прокуратуға «Үміт» сәбилер үйінің басшысы Айгүл Бижанова шағымданған болатын. Көршілес мекеменің қызметкерлері интернат балаларына зәбір көрсетіп жатқанын өз көзімен көрген. Қазіргі таңда бұл мекемеде психикалық ауытқуы бар, басқа да түрлі дертке шалдыққан 45 бала бар. Оларға алпысқа жуық адам қызмет етеді.  

Айгүл БИЖАНОВА, СӘБИЛЕР ҮЙІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ:


Мен балаларды ұрып-соққанын көрдім. Бұл әрекеттер күн сайын қайталанып отырды. Балаларға зәбір көрсететін тек бір қызметкер ғана емес. Қызметкерлер балалардың керуетіне жатып алады. Сосын мен осылай шу көтердім. Бас прокуратураға бейне жазбаларды жібердім.    

Б. Рақметова