$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бағаның өсуіне шенеуніктердің сылбырлығы себеп - Премьер-министр

AstanaTV
07.09.2022ж. 20:00
1090
Бағаның өсуіне шенеуніктердің сылбырлығы себеп -  Премьер-министр

Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында азық-түлік бағасын тежеу жұмысы нашар. Сауда министрлігі түзген рейтингте аталған екі өңір көш соңында қалған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін тежеу мәселесі бойынша бүгін кеңес өткізген Үкімет басшысы бұл аймақтарда не бөлшек сауда, не көтерме сауда нарығы бақыланбайтынын айтты. "Ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізу бойынша жұмыс жолға қойылмаған. Нәтижесінде, арада делдалдар көбейіп, бағаның тоқтаусыз өсіп бара жатқанын көріп отырмыз», деді Премьер-Министр. Әлихан Смайылов жанар-жағар май нарығындағы ахуалдың да аса күрделі екенін айтты. Ол мұндай жағдай орталық пен өңірлер арасында өзара үйлесімді жұмыстың болмауынан орын алып отыр деді.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Энергетика министрлігі мен "Қазмұнайгаз" тарапынан логистика, мұнай өңдеу зауыттарынан өнім жөнелту, өңірлерге қажетті мұнай өнімдерінің көлемі бойынша нақты түсінік пен үйлесімділік жоқ. "Қазақстан Темір жол" мұнай өңдеу зауыттарына цистерналарды уақтылы жеткізбеген. Тыйым салынғанына қарамастан, бензин мен дизель отыны басқа тауарлар ретінде сыртқа шығарылып отырған. Мысалы, пешке арналған отын экспорты 11 есеге өсті. Демек, энергетика министрлігі бұған тиісінше бақылау жүргізбеген.


Г. Сейтенова