Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті базасында И.М. Губкин университеттің филиалы ашылды

AstanaTV
07.09.2022ж. 20:00
2307
Атырауда Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті базасында И.М. Губкин университеттің филиалы ашылды

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университетінің базасында, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы ашылды. Мұнда енді «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану», «Мұнай-газ технологиялары», «Мұнай мен газдың табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу» салалары бойынша мамандар дайындалмақ.  Қос университет 2015 жылдан бері серіктестік байланыста. Филиал ашу -  білім беру бағдарламаларының трансферін қамтамасыз етіп, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға септігін тигізеді,- деді салтанатты жиынға жиналғандар. Айта кетейік, мемлекет басшысы жыл басында беделді шетел университеттерінің филиалдарын ашу туралы тапсырма берген болатын. Осылайша елде инженерлік-техникалық мамандықтарға басымдық берілмек.

Б. Надірқызы