Ал дәл қазір Рим папасы Франциск Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевпен бірге елімізде аккредитациядан өткен шетелдік дипломатиялық корпуспен және азаматтық қоғам өкілдерімен ресми кездесу өткізуде. Жиында алғашқы боп сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасына Қазақстанға келгені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ бүгінгі күнді тарихи күн деп атады. Қазақстан 2003 жылдан бері дін лидерлерінің басын қосып, диалог алаңын ұйымдастырумен келеді. Себебі дінаралық татулық пен өзара бейбітшілікті сақтау маңызды. Рим папасы Франциск шақыртуды қуана қабылдағанын атап өтіп, оны қазақтың қара домбырасы ерекше таң қалдырғанын айтты. Қазақ жері батырлардың, өнерлілердің мекені, сондай-ақ өте ауыр кезеңдерді басынан өткерген киелі мекен деп атап өтті. Сондай-ақ Рим папасы Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін, діни экстремизіммен күресіп келе жатқан нағыз бейбіт ел екеніне тоқталды. Татулықты ту еткен мемлекеттің әрбір әрекеті әлем назарында деді.
Б. Сатуов