Ақтөбеде тіс емдетуге барған 61 адам гепатит жұқтырған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, созылмалы вирустық гепатит бірден анықталмайды. Сары ауруды жұқтырған адам өзінің сырқат екенін білмей алты айға дейін жүруі ықтимал. Санитар дәрігерлер тіс емдеу клиникаларында залалсыздандыру шаралары тиісті деңгейде жасалмаған деп отыр.
Нұрлыбек ДОСАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
61 адам созылмалы вирустық гепатит В –ны тіс дәрігеріне барған кездегі жағдаймен байланыстырады. Яғни науқас бұрын нақты қай жерден вирусты гепатит жұқтырғанын білмейді. Дәрігерге қаралуға барғанда сұрақ қойған кезде байланыстырады стоматологияға бардық. Тіс емдетуге бардық деп байланыстырады.
Б. Рақметова