$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Қызылорда облысының әкімі мерейлі отбасыларға сый-құрмет көрсетті

AstanaTV
15.09.2022ж. 20:00
1563
Қызылорда облысының әкімі мерейлі отбасыларға сый-құрмет көрсетті

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде мәуелі бәйтеректей тамырын кеңге жайған отбасы көп. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Отбасы күніне» орай солардың бірқатарына құрмет-қошемет көрсетті. Құрмет төріне шақырылғандардың дені кезінде қарапайым жұмысшы, құрылысшы, дихан, сауыншы болған.  Олар қазір 10-нан аса бала тәрбиелеп, шөберенің қолынан су ішіп отыр.

Берікқара ақсақал- Шиелі ауданы Еңбекші ауылының тумасы. Қосағымен отау тіккендеріне 61 жыл болған. Өсіп-өнген әулеттің 12 баласынан 38 немере, 20 шөбере тараған. Жастайынан еңбекке араласқан ақсақал 60 жыл шаруашылықта жұмыс істеген.   

Берікқара ӘБДІЖАППАРОВ, ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

22-23 жыл күріш ектім. Комбайн айдадым, трактор айдадым. Қалған 30-40 жылын аграном болдым. 45 жыл стажбен зейнетке шықтым. Соның рахатын көріп жатырмыз. Жастарға біздің жолымызды берсін.

Қызылордада соңғы 3 жылда бала туу көрсеткіші 16 пайызға артқан. Бүгінде аймақта 141 мыңнан аса отбасы тұрады.  Соның 48 мыңнан астамы -көпбалалы.   17 мыңға жуық  Алтын және күміс алқа иегері бар.    

 Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылғы Жолдауында отбасын қорғау және бала капиталын қалыптастыруға ерекше мән берді. Мұндай қолдау әрбір қазақстандықтың өз болашағына деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз. Ал осындай халық игілігіне бағытталған шынайы шешімдердіңел арасында дұрыс қабылдануында Сіздердің пікірлеріңіз зор маңызға ие.

Алдағы уақытта облыс орталығынан «Аналар аллеясы» салынбақ.  Мақсат- өнегелі отбасыларды жастарға үлгі ету.

М. Тоқтасынқызы