$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жыл сайын 200 адам жілік майына мұқтаж болып келеді

AstanaTV
16.09.2022ж. 20:00
2559
Жыл сайын 200 адам жілік майына мұқтаж болып келеді

Елімізде жылына 200 адам жілік майын ауыстыруға мұқтаж. Бұл туралы Ұлттық онкология орталығының мамандары айтты.  Бізде бағаналы жасуша трансплантациясы 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ донорлар жетіспейді.

Айзат СҮЛЕЙМЕНОВА, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОНКОГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қазақстанда жылына екі жүзге жуық ересек адам сүйек кемігін трансплантациялауға мұқтаж. Көбінесе бұл аллогенді, гаплоидентті трансплантацияны, сондай-ақ сүйек кемігін нейрондық трансплантациялауды қажет ететін науқастар.

Дәрігерлер "AMANAT" партиясының елордалық филиалымен бірлесіп, Дүниежүзілік жілік майы донорлары күніне арналған кездесуде мәселеге назар аударуды шешті. Атаулы дата енді қыркүйектің үшінші сенбісінде атап өтілетін болады. Талайдың өмірін құтқарып жүргендердің арасында Мұхтар Нұрбеков те бар. Оның айтуынша, бұл қадамға қызығушылықпен келген, бірақ талайдың өмірімен сақтап қалдым дейді.

Мұхтар НҰРБЕКОВ, ДОНОР:

Осыдан бір жарым-екі жылдай бұрын дәрігерлер маған қоңырау шалып, балаға жілік майы аса қажет екенін айтты. Мен оны кем дегенде төрт-бес рет тапсыруға дайынмын. Маған  бұл оңай болды. Қорқынышты емес, қиын емес және денсаулыққа зиян деп те деп ойламаймын. Меніңше, бәрі сүйек кемігі донорларының резервіне тұруы керек.


Ә. Дүкембаева