Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шымкенттік оқушылар экзотикалық жемістің түр-түрін өсіруде

AstanaTV
16.09.2022ж. 20:00
1529
Шымкенттік оқушылар экзотикалық жемістің түр-түрін өсіруде

Шымкенттік оқушылар экзотикалық жемістің түр-түрін өсіруде. 89 мектеп-лицей жанындағы жылыжайда банан, апельсин, мандарин секілді тропикалық өсімдіктер бар.  Көшеттерді балалар өздері еккен.  Бірақ, жерсіне ме, жоқ па,  деген күмән болыпты. Үш жыл бұрын Ташкенттен алдырған бананның екі түп  көшеті қазір біршама көбейген. Алғашқы жемісін   жедік дейді.

Гүлнұр ӘТЕМ, № 89 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Негізінен банандар өздерінің отандарында 200-300 данадан көп жемістер береді да, алайда біз енді қазір өзіміздің Қазақстанымыздың климатына бейімдеп жатқандықтан біз ең алғашында бананның 30-40 дана банан жемісін алдық. Және де қазіргі таңда тағы да жеміс беріп жатыр. Олар бір жылда жарты жыл сайын өзінің жаңадан жемісін береді.   

Жылыжайдағы алты түп бананның бойы қазір төрт метрге жеткен. Қолайлы температурада жақсы өсіп жатыр,- дейді жас бағбандарға жетекшілік жасап жүрген биолог Жансұлу Ерубаева. Бойы тым биік болатындықтан енді бананның аласа түрін де әкеліп егуді жоспарлап отырған көрінеді.  

Жансұлу ЕРУБАЕВА, №89 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Карлик түріндегі банандарды әкеліп ексек деп едік. Және осы жанынан тағы да бір теплица ашып, биіктеу «банановая роща» дейді ғой, бананды плантация ашатын бізге сондай бір идея кеп жатыр. Білесіздер, банан балаларға өте пайдал дегендей... Бананды балалар өте жақсы көреді.  

А. Төребекқызы