Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі Парламент заң қабылдағаннан кейін белгілі болады», - министр

AstanaTV
19.09.2022ж. 20:00
1126
«Рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі Парламент заң қабылдағаннан кейін белгілі болады», - министр

Бір реттік рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі Парламент заң қабылдағаннан кейін белгілі болады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді. Құжатта депутаттар бұл құқықты кімдер пайдаланатынын тайға таңба басқандай көрсетеді. Айта кетейік,  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға бір реттік рақымшылық жасау бастамасын көтерген болатын.

Қанат МУСИН, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Тізім әлі жоқ.  Рақымшылық туралы заңды Парламент қабылдайды. Сонда барлығы көрсетіледі. Қандай қылмыс түріне, кімдерге жеңілдік болатындығы. Осы заң жарияланып, күшіне енгеннен кейін ғана тұлғалар анықталады.

Елімізде   үш жаңа партия тіркеліп жатыр. Одан бөлек, 13 партияны  тіркеу өтініші қаралу үстінде. Министрдің айтуынша,  «Халық дербестігі» партиясы съез өткізіп, өз мүшелерінің тізімін ұсынған.  Ал «Намыс» және «Байтақ» партиясы съез өткізу сатысында.

Қанат МУСИН, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Бүгінде 3 партия тіркеу рәсімінің бірінші кезеңінен өтті. Қазір болашақ партиялар съезді өткізу және партия активін қалыптастыру сатысында. Қолданыстағы заңға сәйкес, партияны тіркеу үшін оның құрамында кемінде 20 мың партия мүшесі болуы керек. Сонымен қатар еліміздің әр өңірінде кемінде 600 партия мүшесі болуы тиіс.


Т.Әлжанов