Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстанға инвестиция құю жағынан АҚШ екінші орында

AstanaTV
20.09.2022ж. 20:00
1295
Қазақстанға инвестиция құю жағынан АҚШ екінші орында

Қазақстан 10 ірі астық өндіруші елдердің қатарында. Біз жыл сайын 5 млн тонна бидай мен 1.5 тонна ұн экспорттаймыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ инвесторларын тау-кен саласына ғана емес, ауыл шаруашылығына да назар аударуға шақырды. Жалпы АҚШ – Қазақстанға инвестиция құю жағынан екінші орында. Тау-кен өндіру секторының 30%-ы америкалықтарға тиесілі. Бұл Инвесторлар қызығушылық танытатын басым сала көрінеді. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс қандай? Қазақстан АҚШ қандай өнімдерді экспорттайды? Толығырақ тілшіміздің бейнематериалында.

Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, 2005 жылдан бастап АҚШ-тан тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 48,8 млрд долларды құрады. Бұл - Қазақстанға тартылған барлық шетелдік инвестицияның шамамен 13,5%-ы. Экономист мамандар америкалықтардың қандай салаларға инвестиция құюға ынталы екенін айтты.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

Алпауыт ірі кәсіпорындарының басым бөлігі АҚШ-та шоғырланатын болса, солардың барлығы да мемлекетке инвестиция салуына қызығушылықтарын білдіріп жатыр. Оның ішінде мынау экспортқа бағытталған салалардан басқа, мынау жасыл экономика дейміз, көліктік логистикалық жүйе дейміз, өйткені біздің мемлекет батыс пен шығыстың арасын жалғастырып жатқан транзиттік мемлекет болғандықтан көліктік-логистикаға деген бағыты қызығушылығы өте жоғары.

Экономисттің пікірінше, Президент ұсынып отырған ауыл шаруашылық салаға АҚШ тағы инвесторлар ынталы.  АҚШ – Қазақстанға инвестиция құю жағынан екінші орында тұр. Қазіргі таңда, елімізде америкалық қаржы құйылған 600-ге тарта бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Биылдың өзінде екі ел арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға көп. Демек, жыл сайын экономика, экспорт, импорт, бизнес саласындағы байланыс нығайып келеді.

Айдар ҚҰРМАШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазір Қазақстанның күн тәртібінде көлік дәліздерін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өзара іс-қимылды дамыту тұр. АҚШ-тан біз үшін инвестиция тартудың маңызы зор. Президенттің сапарынан осыны байқадық.

Биылғы жылдың жарты жылдығында елімізде америкалық капиталдың қатысуымен 695 кәсіпорын тіркелген. Атап айтсақ, оның 658-і - шағын, 15-і - орта және 22-сі - ірі кәсіпорындар. Қазақстандық-америкалық 168 кәсіпорын көтерме-бөлшек саудада, 181 компания өзге қызмет түрлерінде, ал 83 компания кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте шоғырланған. Өңдеу өнеркәсібінде барлығы 36 америкалық кәсіпорын бар.

Ал Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында  73%-ға өсіп, 770 млн долларды құраған. Америка Құрама Штаттарына негізгі экспорттық тауарлар қатарында шикі мұнай, ферроқорытпалар, қара металдардан жасалған құбырлар, түтіктер және жіксіз профильдер және тантал мен одан жасалған бұйымдар бар.

Ә. Дүкембаева