Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Президенттік мандатты 7 жылға бір мерзіммен шектеу-Қазақстандағы демократияның дамуына нағыз серпіліс", - Қ.Тоқаев

AstanaTV
20.09.2022ж. 20:00
968
"Президенттік мандатты 7 жылға бір мерзіммен шектеу-Қазақстандағы демократияның дамуына нағыз серпіліс", - Қ.Тоқаев

Американың «Politico» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді. Мақалада Президент неліктен кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешім қабылдағанын түсіндірді. "Президенттік мандатты 7 жылға бір мерзіммен шектеу – Қазақстандағы демократияның дамуына нағыз серпіліс", - деді ол. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл мықты парламент пен есеп беретін үкіметі бар президенттік республиканың жаңа моделіне жасалған тағы бір қадам болмақ.

Мен осы күзде президенттік сайлау өткізуді және болашақ президенттердің бір мерзімнен артық қызмет етуіне тыйым салатын заң қабылдауды ұйғардым. Кейбір сарапшыларда «Біз осындай өршіл реформаларды жүзеге асыра аламыз ба?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Барлық тарихи өзгерістер саяси батылдық пен құрбандықты қажет етті. Мен бұл міндеттің ауқымды екенін жақсы білемін.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мақалада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламентке ұсынған «Әділетті Қазақстан» жоспары туралы да айтылған. Жобаның мақсаты ретінде заң үстемдігін нығайтуды, халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыру және әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көрсетеді.  «Біз саяси партияларды тіркеу мен құруға қойылған шектеулерді алып тастау арқылы плюрализмнің жаңа дәуіріне қадам басып отырмыз» дейді Президент.

А. Серік