Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Республика күні" жайлы не білесіз?

AstanaTV
21.09.2022ж. 20:00
6269
"Республика күні" жайлы не білесіз?

25 қазан ұлттық мереке. Биыл Республика күні болып аталып өтілмек. Мұндай мереке әлем халықтарында бар. Әрі ұлық мереке ретінде тойланып жүр. Республика күніңің маңызын тілшіміз Әсел Дүкембаева айтып береді.

Елімізде енді 25 қазан - Республика күні болып, ұлттық мереке мәртебесінде тойланады. Соңғы 13 жылдан бері елеусіз қалған атаулы күнді, ел Президенті қайта жаңғыртты. Сарапшылардың пікірінше, Тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағы, ол егемендіктің бастауы дейді.  

Бауыржан СЕРІКБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Белгілі бір деңгейде, мынау баспасөз беттерінде, әлеуметтік желіде болсын 25 қазан Республика күні аталып өткен ең алғашқы Егемендік декларациясын қабылдағанбыз. Тәуелсіздіктің жариялануына түрткі болған алғашқы баспалдағы болған күн ретінде неге аталмайды деген ойларда көтеріліп жүрді.  Сондықтан да ойлаймын ұлттық мерекесінің бекітілуінің өзі бұл да бір тарихи дата ғой.

Сонымен тарихқа көз жүгіртсек. 1990 жылы 25 қазан күні "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясына қол қойылды. 2001 жылы Қазақстан  айтулы датаны "Республика күні" деп белгілеп жалпақ жұртқа жария етті. Бірақ арада 8 жыл өткен соң бұл мереке  мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталынды. Атаулы дата бүгінде көптің жадынан шыға бастаған.

БЛИЦ:

- Дұрыс онда 25 қазан болса, естіген жоқпыз+ болды бірақ, есімде бар 25 қазан сондай бір демалыс болды.

- Есімде жоқ, Республика күні.

- Неге қолдаймыз ғой, қуанышты күннің болып жүргені жақсы емес па.

- Жоқ, естіген жоқпыз.


Жалпы Республика күні басқа мемлекеттерде де бар. Халықаралық сарапшылар әлем елдерінде ұлттық мереке болып бекітілгенін айтады. Мәселен Италия -1940 жылы монархиядан кетіп, 2 маусымда Республика күнін жариялаған. Сондай-ақ, 1949 жылы Үндістан ағылшын колониясынан кетіп, 26 қаңтарды - Республика күні деп бекіткен.

Олжас БЕЙСЕНБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ:

Мәселен, 1 қазанда Қытай Халық Республикасы өзін Республика деп жариялады. Сол мемлекеттік мереке Қытайда ең жоғарғы мереке болып саналады. Ал енді біз Түркияда да білеміз 29 қазан ол да Республика құрылған күні. Ол кезде де бауырлас түркі халықтары көшеде қай жерде болмасын түріктің қызыл туларын іліп, оған бір ерекше мәртебе береді.

Бүгінде 25 қазан мемлекеттік мереке Республика күні деп белгіленді. 16 желтоқсанда - Тәуелсіздік күні, мемлекеттік мереке болып қала береді. Сарапшылар елімізге атаулы күнді қайта жаңғырту ел ішінде болып жатқан реформалардың айғағы дейді.

Ә. Дүкембаева