Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматы тұрғыны үйін есірткі зертханасына айналдырған

AstanaTV
21.09.2022ж. 20:00
1073
Алматы тұрғыны үйін есірткі зертханасына айналдырған

Алматы тұрғыны өзінің үйін есірткі зертханасына айналдырған. Үй ішінен  ұнтақ заты бар целлофан пакеттер, құмыраға өсірілген жасыл өсімдіктің бұталары және синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар табылды. 29 жастағы күдіктінің айтуынша, ол синтетикалық есірткі дайындауды ғаламтор арқылы  үйренген. Тіпті оған онлайн қосымша арқылы белгісіз біреулер «мефедрон» психотроптық затын жасап шығаруды ұсынған. Ол үшін сыйақы  беруді уәде еткен көрінеді. Ал күдіктінің көршілері «Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды»,-дейді.

Любовь ПОДГОРНАЯ, КҮДІКТІНІҢ КӨРШІСІ:

Өзіміз қалада тұрамыз. Мына жерде саяжайымыз бар. Саяжайға жиі келіп тұрсақ та,   ешкіммен араласпаймыз. Көршіміз есірткі зертханасын жасағанын да естімеген едік. Тек полиция қызметкерлері оны ұстап алып кеткенін ғана білеміз.

Күдіктіге  синтетикалық есірткіні заңсыз сақтады, зертханалық жолмен өндірді және таратты деген айып тағылып отыр. Оның үйінен табылған затардың барлығы   тәркіленді. Ал оған интернет арқылы нұсқау беріп, заңға қарсы әрекет еткендерді іздестіру   шаралары жүргізілуде.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдікті тергеуде. Қылмыстық Кодекстің 296-бабы бойынша тіркелді аталмыш дерек.


М. Жақан