$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Пәтерді жалға беру бағасының шарықтауына ел ішіндегі ақпараттық дүрбелең себеп,- Сарапшы

AstanaTV
23.09.2022ж. 20:00
2032
Пәтерді жалға беру бағасының шарықтауына ел ішіндегі ақпараттық дүрбелең себеп,- Сарапшы

Екі күн ішінде баспананы жалға беру ақысы екі есеге өсіп кетті. Сарапшылар бұған ел ішіндегі ақпараттық дүрбелең себеп болып отыр дейді. Жағдайды құзырлылар бақылауға алды. Алматы мен Астанада баға қалай өзгерді? Тілшңлеріміз анықтап көрді.  

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Алматы қаласында пәтерді жалға алу құны күрт қымбаттады. Баспанасын жалға берушілер қомақты пайда табуды ғана көздейді. Олар бағаны бір түнде көтеріп жіберген.

 
Бүгінде үйді жалға беретін сайттарға кірсең, жағаңды ұстайсың. 1 бөлмелі пәтерлердің құны 200.000 теңгеден басталады, ал 2 бөлме үшін орташа есеппен 400.000 теңге сұрайды.
 
Жандос КЕНЖЕХАН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір Россиядан көп келіп жатыр ғой халықтар. Біздің баға оларға түк емес мысалы. Бағаны екі есе көтеріп жатыр уже. Менің қасымдағы көршілерімнің иелері бағаны 250.000 ға көтеріп жіберді уже. Енді қазір көбісі Алматының шетіне қарай кетіп жатыр. Жер үйге түсіп жатыр. Амал қанша.

Пәтерді сату-сатып алуды жарнамалайтын сайт өкілдері болса, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Алина БУРАВЦЕВА, KRYSHA.KZ ПОРТАЛЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Пәтерге деген жоғары баға тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында белгіленген болатын. Сондықтан, бағаға тек Ресейде болып жатқан оқиғалар әсер етті деп айта алмаймын. Бұның бәрін ақпараттық дүрбелең ушықтырып жіберді.
 
Бұл мегаполистегі жағдай. Ел астанасындағы баспананы жалға беру қалай жүріп жатыр? Бағада өзгерістер бар ма? Елордалық әріптесім Аружан Задабек айтуға дайын. Аружан /10 сек пауза/

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Иә, Мөлдір Елордада да пәтерді жалға беру ақысы өскен. Екі күннің ішінде 120-150 мың теңгеге беріліп жүрген баспана қазір 2 есе қымбаттапты. Мұны сарапшылар сұраныстың артуымен байланыстырды.

Айгүл МОМЫНТАЙ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК БОЙЫНША САРАПШЫ:

Сұраныстарға байланысты  20-25 пайызға баға көтеріліп отыр. Жалдамалы пәтерлердің құны. бізөенді сұраныстың артуы мен төмендеуіне тәуелдіміз. Біз нарықтық бағадан бас тарта алмаймыз. Соған сай жұмыс жасаймыз.

Экономисттер жылжымайтын мүлікті жалға беру ақысының құбылуына алаңдаулы. Бұл пәтер сағалап жүргендердің қалтасына салмақ болады дейді.  

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

120 мың теңге тұратын пәтерлер  құны жалдамалы 450-500 мыңға дейін көтеріліп кетті. яғни, бұл айналып келгенде қайтадан қарапайым халықтың қалтасын қағуға алып келеді.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Дегенмен жауаптылар алаңдауға негіз жоқ дейді. Баға бақылауда екенін айтып, халықты сабырға шақырды. Бұл уақытша құбылыс екенін ескертті.

А. Задабек, М. Жақан