Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақкөл ауылының тұрғындары жол азабын тартып отыр

AstanaTV
26.09.2022ж. 20:00
2182
Ақкөл ауылының тұрғындары жол азабын тартып отыр

Павлодар облысында Ақкөл ауылының тұрғындары жол азабын тартып отыр. Жаңбыр жауса, лай батпаққа айналатын жолмен адам түгілі көліктің өзі жүре алмайды.  Ал қыста жолды қар басып,  қатынас  үзіледі. Тұрғындарының мұң мұқтажын тілшіміз Өзгеріс Қуанар жеткізеді.

Ақкөл ауылдық округі – Екібастұздан 90 шақырымда орналасқан. Мұндағы 3 ауылға апаратын жолдың сиқы - осы.  Мыңға жуық халқы бар елді-мекен, 30 жылдан бері жол азабын көріп келеді.   

Сайран МУСИН, АҚКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жылдағы транспорттың налогын төлейміз ал, жолдар жөнделмейді. Жылына екі үш доңғалақ рет айырбастаймыз. Тапқан таянғанымыздың бәрі осы машинаның жөндеуіне ремонтына кетеді.

Мәселені айтып, әкімдікке талай барған. Қайыр болмапты. Әкімдердің уәдесіне әбден тойған халықтың, атқамінерлерден көңілі қалған.

Балқаш ӨРІСБАЕВ, АҚКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзі жылда Екібастұз қаласының әкімі бірақ жыл ғана істейді. Келген әкімдердің бәрі келген сайын уәде береді. Міне, сіздердің жолдарыңызды істейміз осыншама ақша бөлінді, - деп. Бірақ, содан ешқандай нәтиже болмай тұр.

Ақкөл-Жайылма тарихи деректерге бай өлке. Мұнда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұстазы болған Исабек ишанның кесенесі бар.  Қасиетті мекенге зиярат етушілердің қарасы қалың. Тұрғындар жол салынса, туризмде дамушы еді - дейді.

Нұрқабиден БЕЙСЕНБАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Биылғы жылға 900 млн ақша беріліп тұр. Қыркүйек айына 350 млн ақша бөлініп тұр жол салуға. Қанша үлгереді жылдың аяғына дейін үлгерсе ақша бар. Бірақ ол переходящий келесі жылға өтімді.

Екібастұз әкімдігі Ақкөлге апаратын жолды салуға 3 жылдық жоба жасалынғанын айтты. Бұған бюджеттен 2 млрд. 200 млн. теңге бөлініпті. Енді қомақты қаржының дұрыс игерілуін тәуелсіз ұйымдар бақылауға алмақ.

Нұргүл ҚАЙЫРДЕНОВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ҚБ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ:

Жол мәселесі бүгінгі күні Қазақстанның барлық өңірінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі, ауылды қалаға қаланы ауылға жақындататын осы жол. Жол болмаса бизнесте жоқ, жол болмаса қарым-қатынаста жоқ.

Қоғамдық бірлестік Ақкөлдің жолын жөндеуге бұған дейін де қомақты қаржы бөлінгенін жеткізді. Алайда, мердігер тек 3 шақырымға ғана қиыршық тас төсеп, 20 млн. теңгені қалтаға басқан,- деді.

Ө. Қуанар