Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Көлік пен логистиканы дамыту -"AMANAT " партиясының назарында

AstanaTV
26.09.2022ж. 20:00
1063
Көлік пен логистиканы дамыту -"AMANAT " партиясының назарында

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін  "AMANAT "партиясында талқыланды. Отырыста Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мәселесі сөз болды. Комитет төрағасы, Мәжіліс депутаты Самат Ақышев бұл тұста президент тапсырмасы маңызды деді. Мемлекет басшысының реформалары жеке бизнесті дамытуға жаңа серпін беретінін атап өтті.

Самат АҚЫШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Менің ойымша, ҚТЖ бизнес қоғамдастыққа да қызықты болатындай және сонымен бірге ҚТЖ-ға үлкен ауыртпалық түсіретін міндеттерді орындау үшін осындай тетікті пысықтауы қажет. Оларды қайта бөлу және осы процестің барлық қатысушылары үшін ашық және әділ болатын ойын ережелерін жасау.

Б. Сатуов