Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістан облысындағы төрт ауылдың тұрғындары байланыстан ажырап қалған

AstanaTV
27.09.2022ж. 20:00
2037
Түркістан облысындағы төрт ауылдың тұрғындары байланыстан ажырап қалған

Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты төрт елді-мекен байланыс аясынан ажырағалы айға жуықтаған. Туған-туыстың хабарын алмақ тұрмақ, мұғалімдерге қарапайым журнал толтырудың өзі мұңға айналыпты. "Жұртта қалғандаймыз" деп арыз айтқан ағайын, ауылдағы тозған электр бағаналарының мәселесінде көтерді. Өйткені жарықпен қоса ауыз суда, жол да өзекті екен. Әріптесім Айзада Төребекқызы   мәселені көзбен көріп қайтты.

Бәйдібек ауданына қарасты Жыланды ауылының үлкен-кішісі қыр кезіп жүр. Елді-мекенде байланыс жоқ. Қыркүйектің басында қатты жел тұрып, мұнарасы құлап қалған.
 
Мықтыбек ЖҰМАНОВ, ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір ай болды ешқандай интернет, связь деген бәле жоқ-жоқ, аумин болды. Мына жақта Қызыл арық,  Амансай, Талап, Түйетас, Жыланды бес бөлімшеде ешқандай интернет жоқ. Ол скорый шақыру, пожарный шақыру мүмкін емес жағдай. Білесіздер ғой, қазіргі заманда оқу барлық мәселесі мұғалімдер қауымында интернет арқылы да. Түнімен қыр- қырда немесе көрші ауылдарға кетеді мұғалімдердің бәрі.
 
150-ге тарта түтіні бар Жыланды ауылының тұрғындары электр энергиясы, жол мен ауыз судың да азабын тартып келеміз дейді. Тозығы жеткен желілер жиі үзілетіндіктен апталап жарықсыз қалу әдетке айналғанына ашулы.  
 
Мақұлбек АЙДАРБЕКОВ, ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Трасформатор күйіп кетіп неғыса бір апта свет болмайды. Свет болмаса су да болмайды. Ол айқайлап үйтіп бүйтіп оны жинап неғыламыз дегенше не биыл осы биыл ала жаздай свет судың проблемасын көрдік. Су жоқ.

- Сұрап бардыңыздар ма?

- Барып жатырмыз ғой, әкімшілікке барып жатырмыз. Уәде.


Тозған бағаналарды жылда ауыстырамыз дегелі он жылдан асты деп отыр.
    
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
   
Жыланды ауылының электр бағаналары бүгінде мына секілді әр үйдің ауласында қисайған күйі қалып қойған. Кемі елу жыл бұрын қойылған бұл бөренелер әбден шіріп кеткен. Салдарынан үп еткен желге үзілетін электр желілерін  жалғаудың өзі қорқынышты, -дейді ауыл азаматтары.   
 
Ал ауыл атқамінерлері бастапқыда электр бағаналары ауданның меншігінде емес деп ақталды. Дегенмен қол қусырып отырмағанын жеткізді.
 
Нұржан СЫЗДЫҚБАЕВ, БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

2021 жылы жаңағы мәселе күрделенгеннен кейін электр бағанасы мүмкін емес шіріген оған шығып жөндеу мүмкіндігі болмағандықтан оған біз кәдімгідей арнайы мамандарды шақыртып көрсетіп, ол басшысына тікелей шыққанбыз. Не деп жауап берді? –Өздерінің бағдарламасына сәйкес ауысатынын хабарлаған бізге. –Нақты қашан дейді? –Енді біздің Бәйдібек ауданына ол осы 2025- ке дейін қойылған рет ретімен ауысып келе жатыр.  

Ал интернет байланысына жауапты тұлға бұл уақытша қиындық деп сабырға шақырды. Айтуынша, құлаған мұнара іске жарамай қалған.
 
Сейсенғали АРЫСТАНБАЕВ, БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІ БАСШЫСЫ:

Мемлекеттік сатып алу атып алу процесстері бар, заявка беріледі, қаржы қарастырады. Сондай мәселелері бар. Одан кейін құрылғылардың бірәз бөлігін шетелден алатын жағдайлары бар. Сондықтан кешеуілдегені рас.
 
Шенділер Бәйдібек ауданындағы төрт ауылға байланыс 1-қазаннан кешікпей қосылады деп сендірді. Егер кешігіп жатса шара көру жағын қарастырамыз деп уәде берді.

А. Төребекқызы