Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда лаңкестік кезінде жарақат алған науқастардың бірі әлі ес жимаған

AstanaTV
21.07.2016ж. 20:00
2133
Алматыда лаңкестік кезінде жарақат алған науқастардың бірі әлі ес жимаған

Алматыдағы атыстан жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатқан 6 полицейдің екеуі бүгін жалпы палатаға ауыстырылды. Ал 4 науқастың біреуі ес-түссіз жатыр. Бұл туралы қалалық орталық клиникалық аурухана директоры айтты.

Ес жимаған полицей осы медициналық мекемеде жатыр. Оның денесін екі жерден оқ тесіп өткен. Клиникалық өлім жағдайында түскен науқастың өмірі үшін қазір дәрігерлер күресіп жатыр. Осы күнге дейін оған екі ауыр ота жасалған.

Марат Абдуллаев, орталық қалалық клиникалық аурухана директоры:

Бірнеше орган зақымдалған, соған байланысты жағдайы қиын. Біз әріптестерімізбен консилиум өткізіп, тиісті дәрі-дәрмек беріп жатырмыз. Кеше осы Ресейдегі әріптестермен ақылдастық.

Айгүл ЕРМАХАН