Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

AstanaTV
30.09.2022ж. 20:00
950
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Жиында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров есеп берді. Ол өзара келісіп жоғары баға қою жайттар әлі сақталып отырғанын жеткізді. Айтуынша осы факт бойынша Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сұйытылған мұнай газын сақтау паркін де жоғары баға белгілеу деректері анықталған. Премьер-Министр осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.

Б. Сатуов