Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады

AstanaTV
03.10.2022ж. 20:00
1132
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады

Бүгін Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Төраға Мемлекет басшысына  заң шығару қызметі туралы ақпарат берді. Палата мақұлдаған заң жобалары   азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтіп, тұрғындардың еліміздің саяси өміріне араласу мүмкіндігін арттырмақ.  Ерлан Қошанов  парламенттік дипломатия және шет мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы іс-әрекеттер аясындағы жұмыстардың негізгі басымдықтары туралы да айтты. Сондай-ақ,  Түркияның Изник қаласында өткен төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының нәтижесі туралы баяндады. 

Ә. Дүкембаева