Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда 58 көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз отыр

AstanaTV
04.10.2022ж. 20:00
1315
Қарағандыда 58 көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз отыр

Қарағандыда 58 көпқабатты үйдің тұрғындары  жылусыз отыр. Қалада жылу беру маусымы қыркүйектің 30- ында басталғанымен үйлер әлі азынап тұр.

Тимур ХАСЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде қазір квартира суық, обогреыватель тұр. Кішкентай балалар бар әр үйде, ауырып жатыр. Жылу 30- ыншы сентябрьде айтыпты береміз деп  пока жоқ.

Қаланы жылумен қамтамасыз ететін «Теплотранзит Қарағанды» серіктестігінің мәліметінше қаладағы 2 мың 458 үйдің  2 мың 400- іне жылу берілген. Ал қалғандарын көп ұзамай қосамыз дейді жауаптылар. Маусым басталған сәтте бірнеше магистральда техникалық ақау шыққан. Қазір қаланың орталығы мен оңтүстік шығыс аудандарда бірнеше учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

Андрей ЛЯПУНОВ, «ТЕПЛОТРАНЗИТ ҚАРАҒАНДЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Магистральдық желілер мен жылу таратушы желілерде ақаулар шығып жатыр. Олар анықталысымен біз дереу жөндеп жатырмыз. Жалпы жылу маусымы басталғаннан соң технологиялық тұрғыдан бірнеше жылу орталығы бірінен соң бірі қосылып, ыстық су толық айналғанша  10-14 күн өтеді.

А. Қуаш