Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астана қалалық ардагерлер кеңесінің құрылғанына биыл-30 жыл

AstanaTV
04.10.2022ж. 20:00
2605
Астана қалалық ардагерлер кеңесінің құрылғанына биыл-30 жыл
Астана қалалық ардагерлер кеңесінің құрылғанына биыл-30 жыл. Осы уақыт ішінде ұйым талай игілікті шараның ұйытқысы болып,  ауқымды істердің  жүзеге асуына атсалысты.  Қарттар күніне орай салтанатты шарада атқарылған жұмыстар қорытындыланды.  

Мерекелік жиынға 1мың 200-ге жуық ардагер қатысты.  Бас қаланың барлық аудандарынан өкілдер келіп, отыз  жылдық белестің  куәгері болды.

Сансызбай ЕСІЛОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің басты мақсатымыз заңды түрде ардагерлердің құқығын қорғау. Екінші бастарын құрастырып, үйде отырғызбай, осы қалада болып жатқан оқиғаларға, саясат басқа жұмыстарға, жастарға жол көрсету, тәрбиелеу жұмысына қатыстыру.

Ардагерлер ұйымы-өнеге бастауы. Қариялар қол қусырып отырмай, қоғамдық өмірге етене араласып, жастарға үнемі  жол көрсетіп, олардың ұлттық болмыс пен құндылықты бойына сіңіру үшін   ақыл-кеңестерін аямайды. Абайдан үлгі алуға шақырады.

Келден НҰРЛАНОВ, АРДАГЕР:

Абай атамыздан әкемізден артық емеспіз қалқам. Абай бізге үлгі. Ол кісі ондай дана қазіргі заманда бар ма,-жоқ па бір Алла ғана біледі. Сол кісінің кітабын оқыса, сонда, барлық үлгіде барлық ақылда, барлық даналық сөздер.

Кезінде еткен еңбегінің қазір зейнетін көріп отырған асыл жандар әрдайым құрметке лайықты. Қазыналы қарттарды қала әкімі Алтай Көлгінов   құттықтады.

Алтай КӨЛГІНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сіздерді халықарылық қариялар күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Халқымызда қариясы бар елдің қазынасы бар дейді. Қай заманда боламасын аға буынның өмір жолынан жастардың алар тағлымы зор.  

Одан соң мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер өнер көрсетті. Шара барысында сондай-ақ, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Б. Сатуов