Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды

AstanaTV
04.10.2022ж. 20:00
1101
Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды

Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды. Осылайша биліктегілер тұрғын үй нарығын бақылауға алмақ деп хабарлайды Информбюро ақпарат агентігі. Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін, елімізге келген көрші ел азаматтарының саны артты. Сәйкесінше, Қазақстанның бірқатар қаласында жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы бірнеше есеге өсіп кетті. Мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" порталында жалға берушілер үшін электронды келісім-шарт жасауды ұсынды.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Біз белгілі бір платформаларда, соның ішінде eGov.kz сайтындағы тетікті екі рет басу арқылы жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалатын стандартты келісім-шартқа қол жеткізгіміз келеді.

А. Базарбай